Атырау мұнай өңдеу зауытында дәстүрлі «Үздік рационализатор» конкурсының нәтижелері анықталды. Инновациялық комитет сайысқа келіп түскен көп жобанын ішінен 27 рационализаторлық ұсынысты іріктеп алды. Олардың барлығы да зауыттағы технологиялық процестерді жақсартып, өндірістің тиімділігін арттырып, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Үздік алты жоба жүлделі орындарды сарапқа салды.
Мұқият зерделеудің нәтижесінде дизельді гидротазалау қондырғыларында түрлі ақаулар кезінде өндірістік жоспардың орындалуын қамтамасыз етуге арналған рационализаторлық ұсыныс бірінші орынға лайық деп танылды. Ұсыныс штаттан тыс жағдайлар кезінде артық керосинді-газойльді фракцияны (КГФ) дизельді гидротазалау қондырғыларының резервуарларына қайта айдау процесін жеделдету мен жеңілдетуге арналған.
Рационализаторлық ұсынысты енгізу арқылы КГФ-ты айдау уақытын 1 тәулікке дейін қысқартып, қаржылай шығындарды болдырмауға мүмкіндік туады.
Қалған жүлделі орындарды технологиялық процесстерді жақсартып, жабдықтардың пайдалану мерзімін ұзартып, қоршаған ортаға әсерді азайтып, жөндеу жұмыстары кезінде адами ресурс пен уақытты үнемдеуге арналған рационализаторлық ұсыныстар өзара бөлісті. Үздік деп танылған жобалардың авторлары ақшалай сыйақымен марапатталды.
АМӨЗ-де рационализаторлық қызмет жүйесі бірнеше жылдар бойына табысты іске асырылып келеді. Бұл – зауыттықтардың творчестволық бастамалырын қолдаудың әдістерінің бірі. Жұмысшылардың ынта-ықыластарының арқасында жыл сайын технологиялық процесстер жаңарып, АМӨЗ жұмысының тиімділігі артуда.
Зауыт қызметкерлері болашақ инновациялық бастамалары мен жаңашыл ұсыныстарын ҚМГ-ның идеялар банкінің idea.kmg.kz платформасында таныстыра алады. Барлық ұсыныстар мен идеялар өндірісті дамыту бөлімінің инновациялық қызмет бойынша үйлестірушісімен қаралады.