Атыраудың эпидемиологиялық жағдайы қандай?

фото: https://www.ktk.kz/
(0 Votes)

ЖРВИ және тұмаудың эпидемиялық маусымы 2022 жылғы 1 желтоқсан айынан басталып, 2023 жылғы 1 мамырға дейін созылады. Атырау облысында 2022-2023 жылдардың эпидемиологиялық маусымнан бастап тұмау аурушаңдығының 62 жағдайы тіркелді. Атырау облыс бойынша 62 тұмау ауруының қоздырғышы - Атырау қаласында-41 жағдай, Жылыой ауданында-3, Исатайда-2, Құрманғазы ауданында-7, Мақат-6 жағдай, Қызылқоға ауданы-1 жағдай, Индер-2 жағдай оның ішінде 37 үлгіден тұмау вирусының В типі және 25 үлгіден тұмау вирусының А типі анықталды. 14 жасқа дейінгі балалар саны-16, ересектер саны-46, оның ішінде жүктілер-24 жағдай тіркелді. 

Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудың бірінші белгілері ағзаға түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеңнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте жіті басталады, сондықтан, пациент ауру белгілерінің басталуын көбінесе нақты атай алмайды.

Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқтағы геморрагиялық бөртпе.

Сонымен қатар, тұмаудың алдын алудың мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:

Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:

-адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;

-жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

-ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

-даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;

-даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;

-өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;

-үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;

-үй-жайдың ауасын ылғалдандыру;

-құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану;

-сарымсақ және пияз қосылған тамақты көбірек пайдалану;

-дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.

М.Танауов

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT