Жақыныңыз зорлық-зомбылыққа ұшыраса үнсіз қалмаңыз!

(0 Votes)

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтіп жатқан республикалық «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында облыс полицейлерімен тұрғындар арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

ІІО-да есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстары, атап айтқанда, 102-нөмеріне отбасылық жанжал ретінде жиі хабарлама беретін азаматшалардың мекен-жайлары тексеріліп, олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.

6489784b-e430-49c7-9d1b-53ac981f89c1

Аталмыш акция аясында, «Қазақстандағы әйелдер құқығы мүмкіндіктер мен кедергілер» атты облыстық конференция өтті.

308b9abe-f1bb-4c71-878e-d587e37a2f65

471bf7fb-1b83-4d72-8874-aa809d77df3d

Зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ, аналар мен балаларды қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданған шаралармен таныстыру мақсатында өткен жиында облыс полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша бөлім басшысы полиция подполковнигі Бибигүл Төлегенова және әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Самал Супалиева "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында полиция қызметкерлерімен атқарылған жұмыстарға тоқталды.

eaffde1f-90b6-4b12-99c6-e580380967dd-1

Полиция қызметкерлері ескертеді:

"Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса, онда үнсіз қалмаңыз! Дереу 102 немесе 98-20-98; 98-22-05 номеріне хабарласыңыз!Дағдарыс орталығы: 46-60-60 мекен-жайы: Атырау қаласы Алмагүл ы/а № 4 үй (ірге қабаты) Ана үйі: Нәбиден Абуталиев көшесі № 4 үй тел: 8701 337 11 92"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT