Ауданда жүгіруден ашық марафон өтті

(0 Votes)

Аудандық Жастар ресурстық орталағының ұйымдастыруымен ерлер арасында ашық марафон өтті. Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған желаяқтар жарысына 60-қа жуық спортшы қатысты.

Жүгіру марафонының мақсаты жастарға спортты насихаттай отырып, салауатты өмір салтына баулу. Спортқа қабілетті жастардың өмірлік салтын қалыптастыру болды.
Жүгіру марафонында 14-17 жастағы жасөспірімдер 3,5 шақырымда жүгірсе, 18-29 жастағы ерлер 7 шақырым қашықтық бойынша жарысты.
Сөре «АМANAT» партиясы аудандық филиалы алаңынан басталып, Мақат желілік-өндірістік басқармасы мекемесіне дейін бекітілді.
Ауданымыздың көшелерінде жарыса жүйіткіген марафоншыларды Жастар ресурстық орталығының басшысы Е.Табылдыұлы салтанатты түрде құттықтап, белсене қатысып жатқан спортшыларға алғысын білдірді.

a3433d27-1192-4ff0-9ef1-459692ad8ec3

«Бүгінгі марафонға белсенді атсалысып жатырғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Әрине, спортты серік еткен жандардың денсаулықтары мықты, болашағы жарқын болары сөзсіз. Ауданымызда жеңіл атлестика спортына ден қойған жастарымыз жетерлік. Бүгінгі шара бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесіміз болсын»,-деді Е.Табылдыұлы.

Марафонның 3,5 шақырымдық сайысында жасөспірімдер арасында мәрені алғашқы болып өткендердің нәтижесі бойынша ІІІ орынды Расул Ерболұлы, ІІ орынды Алпар Мұратұлы иеленсе, Нұрмұхаммед Алдаберген жүлделі І орынды иемденіп марафон жеңімпазы атанды.
7 шақырымдық межені еңсергендердің нәтижесі бойынша ІІІ орынды Серікболсын Шынтас, ІІ орынды Барша-Мұрат Амантаев және жүлделі І орынды ауданның желаяғы Парасат Құлмұханов еншіледі.
Салауатты өмірді ұстанған марафон жеңімпаздары арнайы диплом, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Және белсенділік танытып қатысқан барлық қатысушыларға «Марафонға қатысушы» дипломы табысталды.
Марафонның қауіпсіз өтуін қадағалаған ақ халатты абзал жандарға және аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне ұйымдастырушы тараптың алғысы шексіз.

А.ТАУБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521