Ауданда полиция қызметкерлері күні аталып өтті

(0 Votes)

Ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда сауысқандай сақ, қырандай қырағылық танытатын полицейлерге қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де түрлі оқыс оқиғаларда өз шеберліктерін танытып, ерліктерімен көзге түсуде.

Мәселен, 2021 жылдың 28 желтоқсан күні 02:20 сағат шамасында Мақат кенті «Болашақ» ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесі өртеніп жатырғаны туралы 102 операторына хабарлама түседі. Оқиға орнына жедел жеткен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері өртке оранған үшқабатты үйдің 11 тұрғынын құтқарады.
Биыл 5 маусым күні аудан полицейлерінің екінші қабаттағы ашық терезеден қарап тұрған бүлдіршіндерді терезеге өрмелеп міну арқылы құтқарған шеберліктері көп адамды сүйсіндіргені анық. Бұл полиция қызметкерлерінің жұмыс бабында кездескен жанкешті оқиғаларының бірі ғана. Аудан тәртіп сақшылары қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тосылып қалған емес.
Қазақстан Республикасы Полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде «Қызметім-міндетім!» атты салтанатты шара өткен болатын. Шара барысы қызмет бабында өз өмірін құрбан еткен қызметкерлерді бір минут үнсіздікте еске алумен басталды. Мерекелік бас қосуға аудан әкімі Ринат Ибаргимов қатысып, тәртіп сақшыларын төл мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін жолдады. Салтанатты кеште қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер марапатқа бөленді.

5e02d737-2616-4b6d-abbd-fc5c5395c315
Облыс әкімінің алғыс хатына аудандық полиция бөлімінің басшысы Амангелді Ізмағамбетов ие болса, аудан әкімінің алғысына бөленгендердің қатарында Қалыбек Жұмағалиев, Алмагүл Отарова, Абылай Жұмағазиев, Айбек Құсайынов, Гүлбану Қуанарқызы, Марат Омаров, Райымбек Қабдолов, Динара Қарасартова, Айдана Дүйсенғалиева бар.
Аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов сахна төріне көтеріліп, өзінің жылы лебізін білдіргеннен кейін Маржан Бисенбаева, Ғабит Ізбасов, Амандық Көшербаев, Сәкен Қазтұрғановты алғыс хатпен марапаттады.
Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің бастығы Амангелді Ізмағанбетов: «Тәртіп сақшылары – қылмыс пен бұзақылыққа бірінші боп қарсы тұрататын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын жандар. Полиция қызметі – өзгенің қамы үшін өзін құрбан етуге дайын батыл әрі мейірімді жандардың ғана қолынан келетін іс»,- дей келе облыстық полиция департаментінің бастығы алғыс хатын Бауыржан Шукенов және Шынар Таласқалиеваға табыс етті. Ал, өз алғысын Ақан Нұршабаев, Төлеухан Амангелдиевке және ішкі істер органдары ардагерлері Сәбит Халенов, Аманияз Қабдолов, Хамидолла Сейдахметов, Өтесін Әліпқалиев, Бағытжан Жолдыбаев, Бекәділ Жайкин, Сәндібек Түгелбайға тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлерді тәрбиелеу мен қалыптастыруға зор үлес қосқаны үшін білдірді.
Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Полицейлер темірдей тәртіптің тезімен жүрсе де, бойда бар өнерді ұмыт қалдырмағанын байқатты. Шара барысында олар ән салып, күй шертіп кеш ажарын кіргізді. Атап айтсақ, аудандық полиция бөлімінің полиция кіші сержанты Кенжебек Атабаев «Көңіл толқыны» және «Адай» күйлерін шертсе, аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы полиция аға лейтенанты Марат Омаров «Туған жер» әнін домбыраны күмбірлете орындады. Ал, аудандық полиция бөлімінің аға сержанты Төлеухан Амангелдиев «Қазақ жігіттері» әнін шырқап шараны қорытындылады.
Сондай-ақ, бұл кеште «Шаттық» үлгілі би ансамблі «Қазақ» және «Заманауи» биін билеп, кештің сәнін кіргізді. Айнұр Садуақасова және Айнагүл Әбілқасова «Офицерлер», Данияр Еримов және Амандық Төлегенов «Офицер мырзалар», «Қыздар» триосы «Қазақ елі» әнін шырқап көрерменнің қошеметіне бөленді.

М.Ізтұрғанова, суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521