Атырауда мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті

(0 Votes)

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Мемлекет басшысының «Еститін Үкімет» қағидасында үлкен мән жатыр. Арада «Алтын көпір» мемлекеттік қызметші тұр. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап артады. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы. Сондықтан ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызмет, ең әуелгі кезекте, бәрімізден үлкен жауапкершілік, біліктілік пен үнемі шыңдалуды талап етеді. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен биік міндет қойылып отыр, деді Серік Шәпкенов.

Салтанатты шарада Атырау облысы әкімінің аппараты Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Зәмзәгүл Жалмурзинаға «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық төсбелгісі табысталды.

Сондай-ақ, бірнеше мемлекеттік қызметші облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Облыста 2 700-ден астам мемлекеттік қызметші бар.

Эльмира

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика