Атыраулық шенеуніктер шені мен шекпеніне қарамай емтихан тапсыруда

Атыраулық шенеуніктер шені мен шекпеніне қарамай емтихан тапсыруда
(0 Votes)

15-17 қазан аралығында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Ассессмент-орталығы Атырау облысының жергілікті мемлекеттік қызметшілерінің құзыреттілік деңгейін бағалау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бағалау барысында мемлекеттік қызметшілердің бес негізгі құзыреті назарға алынады. Олар: талдау мен шешім қабылдау, көшбасшылық, белсенділік, қызметті басқару және сенімділік. Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім еткендей, аталған іс-шара қызметкерлердің кәсіби біліктілігін бағалаумен қатар, кадрлық резервті қалыптастыру және мемлекеттік басқару саласын дамыту бағытында стратегиялық қадамдарды іске асыруға мүмкіндік береді.

- Мұнда халықпен қарым-қатынас жасау барысында мәселені қалай шешу керектігі жөнінде сұрақтар қойылады. Соған байланысты өз қызметтерімізге қарай шешімін табу және алдағы уақытта жұмыстар қандай деңгейде атқарылу керектігі бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бізге, яғни мемлекеттік қызметкерлерге өте керек дүние, - деді Жоблыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұханбеталиев.

Ассессмент-орталықтың ассессоры, фасилитатор Бақыт Злобиннің айтуынша, бағалау жұмыстары мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, қоғам үшін сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мамандарды дамытуға ықпал етеді.

- Ассессмент-орталықтың қызметі аясында қатысушыларға арнайы ситуациялық тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмалар мемлекеттік қызметшілердің нақты жұмыс жағдайында қалай әрекет ететінін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау нәтижесінде олардың мықты және әлсіз тұстары айқындалады, бұл өз кезегінде олардың кәсіби дамуына ықпал етеді. Бағалау процесін осы саладағы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, SHL халықаралық сертификатына ие кәсіби бағалаушылар жүргізеді. Олар әлемдік деңгейдегі құзыреттілік стандарттарына сәйкес жұмыс істейді, - деді Б.Злобин.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT