Қалалық және аудандық әкімдік аппараттарының өкімдерімен облыс аумағында рейдтік шараларды жүргізуге бағытталған 64 мобильді топ жасақталған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тұрғындармен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында рейдтер, сондай-ақ карантиндік шаралардың бұзылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар күн сайын жүргізілуде. 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2 шілдесі аралығында жалпы саны 10 124 рейдтік тексеріс өткізілген.
Маусым айында 1 097 рейд жүргізіліп, 4 110 нысан тексерілген. Олардың ішінде Атырау қаласында шектеу шараларын бұзған 22 нысан анықталса, Жылыой ауданында 7 нысан шектеу шараларын бұзған. Қызылқоға ауданында карантин талаптарын бұза отырып той жасаған 8 нысан тіркелсе, Құрмағазы және Исатай аудандарында бұл көрсеткіш төртеу. Мақат және Махамбет ауданындарында 3, Индер ауданында 2 факт тіркелген.