Екпе алу – індетті жеңудің төте жолы

(0 Votes)

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация алу процесі  2021 жылғы 1 ақпанда басталып, бүгінгі күні барлық өңірлерде КВИ-қарсы Gam-COVID-Vac («Sputnik V»), QazCovid-in («QazVac»), Hayat-Vax вакциналары кең қолданысқа енді. Жер бетін жайлаған індетті жеңудің ең тиімді жолы - ол вакцинация алу. Жаппай екпе алу арқылы біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырып,  COVID-19  пандемиясына қарсы тұра аламыз.

Бүгінде аудан бойынша короновирусқа қарсы вакцина салдыруға ниет еткендердің саны артты.  

Тұрғындарға екпе егу үшін екпе пункттері жұмыс істеп жатыр.

Ауданда соңғы күндері екпе алу ісі қарқын ала түскен. Шілде айының 7-не дейін вакцинаның толық бірінші компонентін 2106 тұрғын алып үлгерген. Оның ішінде «Спутник V» вакцинасын-2023 адам, «Hayat-Vax»-78, CoronoVac-5 адам алды. Ал, екінші компонент- 1138 адамға егілді.

 Қазіргі таңда Мақат орталық емханада-1, Доссор селолық  ауруханада-1 екпе пункттері жұмыс жасап тұр. Таң ата сала, екпе пункттерінде тұрғындар кезекке тұруда. Жартысы алғаш екпе алуға келсе, енді бірі екінші компонетке кезекке тұр. Сондай-ақ, екпе пункттерімен, дәрігерлер қабылдау бөлмесінде бейнебақылау орнатылып, вакцина алар алдында  екпе алушыларды дәрігерлер жіті тексеріп, вакцина алғаннан кейін де әрбір азамат бақылауда болады. 

Сонымен қатар, азаматтар басты талаптарды да естен шығармауы маңызды. Ол - бетперде киіп, қолыңызды мұқият жуыңыз, қашықтықты сақтаңыз, аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу учаскелік дәрігерге хабарласыңыз. Бүгінгі таңда бұл алдын алу шаралары - тиімді әдіс . Әрине, вакцинаға үлкен үміт артамыз, өйткені індетті тоқтатудағы ең тиімді әдісі – вакцина салдыру.

А.Таумұрынова

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT