Атырауда тұрғындар жанармай қызметкерін марапаттауды талап етуде

Атырауда тұрғындар жанармай қызметкерін марапаттауды талап етуде
(0 Votes)

Әлеуметтік желіде жанармай бекетінде орын алған өртті сөндіруге көмектескен полиция қызметкеріне алғыс айтқан бейнежазбадан соң өрт сөндіруге аянбастан бар құрылғыларды тиімді пайдаланған жанармай бекетінің қызметкері туралы жазбалар да келіп түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Айта кетейік, желіде таралған ақпарат тек қана сол жердегі куәгердің бейнежазбасы арқылы тараған және ол жас қызметкердің әрекеті өзгелерге үлгі болу үшін полиция ақпаратты ресми растады. Жанармай бекеті сол күні оқиға бейнежазбасын ішкі тәртіптеріне байланысты бермеген. Өрттің шығу себептері мен оқиғаның мән-жәйі қазіргі таңда толыққанды тексерілуде.

Облыстық ПД баспасөз қызметінен білгеніміздей, тілсіз жауды уақытылы ауыздықтап, зардаптың алдын алған жанармай бекетінің қызметкері мен жас қызметкердің жауапты әрекеті марапаттау үшін ұсынылуда.

Айта кетейік, бұған дейін біз жанармай бекетінде өртенген көлікті сөндіріп қауіптің алдын алған полицей туралы жазған болатынбыз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT