Жайықта балық аулаған атыраулық 51 мың теңге айыппұл арқалады

Жайықта балық аулаған атыраулық 51 мың теңге айыппұл арқалады
(0 Votes)

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мәлім етті. 2024 жылдың желтоқсан айында А. балық аулау қағидаларын өрескел бұзып, Жайық өзенінің жағасында балық аулауға тыйым салынған жерде балық аулаған.

А.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерінің баянатымен және сауалнама хаттамасымен дәлелденді.

Сот қаулысымен А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суретті түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT