Жұмысшы мамандықтар жылы-қоғам назарын қазіргі әлемдегі жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен қажеттілігіне аударудың тамаша мүмкіндігі.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге, олардың беделін арттыруға және жастарды өндірістік салаларға тартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру қажет.
Мұндай іс-шараларды өткізу неге маңызды?
Ең алдымен, қоғамдық пікірді өзгерту үшін: соңғы жылдары жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығының төмендеуі байқалды. Іс – шаралар қалыптасқан стереотиптерді өзгертуге және жұмысшы мамандықтары тек физикалық еңбек қана емес, сонымен қатар жоғары біліктілік пен білімді қажет ететін шығармашылық процесс екенін көрсетуге көмектеседі. Екінші- экономиканың нақты секторын кадрлармен қамтамасыз ету үшін маңызды, себебі көптеген кәсіпорындарға білікті жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі баршығы мәлім. Ал жұмысшы мамандықтарын танымал ету бұл мәселені шешуге көмектеседі. Одан кейін- экономиканы дамытуға әсерін тигізеді: жұмысшы кәсіптері өнеркәсіпті, құрылысты, ауыл шаруашылығын және басқа салаларды дамытуда шешуші рөл атқарады, сол себепті жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру еңбек өнімділігін арттыруға және жалпы экономиканың өсуіне ықпал ететін болады. Жұмысшы кәсіптерінің жылы жай ғана науқан емес, бұл жұмысшы кәсіптерінің оң имиджін қалыптастыруға және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегия.
Мұндай маңызды шараларға кәсіпорындардағы ашық есік күндерін айтуға болады, оқушылар мен студенттерге заманауи өндірістің қандай болатынын, қандай технологиялар қолданылатынын көрсету қажет. Сол кәсіпорындарда жастар түрлі кәсіптер бойынша өздерін сынап көру үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастыру маңызды. Сондай-ақ жыл сайын техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында өтетін кәсіби шеберлік конкурстары жастар арасында жұмысшы мамандықтарға қызығушылықты оятып, дарынды жас мамандарды анықтайды және осы саладағы мансаптық мүмкіндіктерді көрсетеді. Атап айтқанда, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Атырау кабель зауыты, «Атырау-Жарық» АҚ, Атырау вагон жасау зауыты, «Қазмұнайгазбұрғылау» ЖШС, ILQS Engineering осындай шаралар өту жоспарланды. Кәсіптік бағдар беру бойынша жобалар оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектесіп, жұмысшы кәсібімен жұмысқа орналасу перспективалары туралы айтылады. Сонымен қатар, әлеуметтік науқандарды да назардан тыс қалдырмай, бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысшы мамандықтарының оң бейнесін қалыптастырып, жұмысшылардың іс-шаралары мен жетістіктері туралы ақпарат тарату үшін әлеуметтік медианы кеңінен пайдаланудамыз, атап айтқанда мекемелерге видеотур ұйымдастырып, өндірістің қызықтарын көрсету сәттерін видеоролик ретінде ұсындық.
Саланың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары оқу орындарында өтетін ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланады және мамандар арасында тәжірибе алмасу жүреді. Кәсіби қауымдастықтар құру арқылы тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру үшін түрлі салалардың мамандарын бірігеді, ал колледждер бизнеспен серіктестік құру арқылы оқу бағдарламаларын бірлесіп әзірлейді, кәсіпорындарда студенттердің тәжірибесін ұйымдастырады.
Тағы да маңызды мәселе - бұл жас мамандарды қолдау, жас жұмысшылардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, тәлімгерлікті ұйымдастыру назардан тыс қалмау қажет. Студенттер мен мектеп оқушылары үшін түрлі кәсіптерде өздерін сынап көруге және саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретін, техникалық мамандықтарға қызығушылықты ынталандыратын және бағдарламалау дағдыларын дамытатын виртуалды өндірістерді, орталықтарды құру маңызды.
Жалпы көпшілікке арналған іс-шаралар қатарына кәсіпорын жетістіктерінің көрмелерін ұйымдастырып, жаңа технологияларды, өнімдерді және инновациялық шешімдерді көрсету және жұмысшы кәсіптерінің брендтерін құру жатады. Жұмысшы кәсіптерінің брендингі-бұл жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын арттыруға және дәстүрлі түрде беделі төмен деп саналатын кәсіптердің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық тәсіл. Мұндай брендингтің мақсаты-жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту, олардың қоғам мен экономикалық даму үшін маңыздылығын көрсету, сондай-ақ жұмысшылардың әлеуметтік мәртебесін арттыру.
Сәтті брендинг кейсінің моделі ретінде "Болашақтың дәнекерлеушісі бол" - заманауи технологияларды қолдана отырып және жұмыстың шығармашылық аспектісіне баса назар аудара отырып, жастарды дәнекерлеуші мамандығына тартуға бағытталған науқанды, "Армандарыңды құрастыр (тұрғыз)" – бұл құрылысшының жұмысы тек физикалық еңбек емес, қоғам үшін жаңа және маңызды нәрсе жасау мүмкіндігі екенін көрсететін науқандарды айтуға болады.
Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру - кешенді міндет және жүйелі тәсілді талап етеді. Осы мақсатқа жету үшін қолдануға болатын тиімді іс-шаранің бір түрі - кәсіби шеберлік жарыстары мен чемпионаттары немесе корпоративтік чемпионаттарды ұйымдастыру болып табылады.
Сондай- ақ бизнес - инкубаторлар мен бизнес-акселераторлар құру арқылы жаңа өндірістік кәсіпорындарды дамыту үшін жағдай жасау, инновациялық жобалар конкурстарын ұйымдастыру, жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеуді ынталандыру, кластерлер мен индустриялық парктер құру, осы бағыттағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндетін бірлесіп шешу үшін кәсіпорындарды біріктіру шараларын жүзеге асыру қажет.
Іс-шаралардың сәттілігінің негізгі факторлары - бұл жүйелілік, әртүрлі мақсатты аудиториялар мен бағыттарды қамтитын кешенді іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу. Екінші фактор - серіктестік, мемлекеттік органдармен, бизнеспен, білім беру мекемелерімен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар. Үшінші фактор- бұл инновация: заманауи технологиялар мен шығармашылық форматтарды қолдану. Төртінші фактор – бұл тиімділікті бағалау. Қажетті түзетулер енгізу үшін іс-шаралар нәтижелеріне үнемі талдау жүргізу. Бұл шаралардың барлығы- студенттер мен оқу орнының болашағына инвестиция, жас мамандарға еңбек нарығының талаптарына тезірек бейімделуге мүмкіндік береді және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Жұмысшы мамандықтарын танымал ету – тұрақты күш пен инновациялық тәсілді қажет ететін ұзақ мерзімді процесс екендігін есте ұстауымыз қажет.
Осы орайда Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжі бойынша қоғамда жұмысшы кәсіптерінің дәрежесін көтеруге бағытталған жобаларға және жүзеге асыру жолдарына тоқталып өтеміз.
Аграрлық сектор жұмысшы кәсіптерін танымал етудің арнайы тәсілін талап ететін бірегей ерекшеліктерге ие сала болып табылады. Міне, осы сала үшін жоспарланған нақты іс-шаралар:
Оқушылар мен студенттер үшін:
* Агротурлар мен практикумдар: мектеп оқушылары заманауи ауыл шаруашылығын өз көздерімен көруі үшін фермаларға, ауылшаруашылық кәсіпорындарына сапарлар ұйымдастыру.
*Агрохакатондар: ауыл шаруашылығына арналған инновациялық шешімдерді әзірлеу бойынша жарыстар.
* Мектеп шаруашылығы бойынша жобалар: балалар іс жүзінде агротехникалық әдістерді игере алатын мектеп бақшаларын, жылыжайларды құру.
* Кәсіптік бағдарлау ойындары мен квесттері: агроном, ветеринар, механизатордың жұмысын имитациялайтын интерактивті ойындар әзірлеу.
Қоғамдық орта үшін:
* Агрофестивальдер: ауылшаруашылық көрмелерін, конкурстарды, шеберлік сыныптарын, өнімнің дәмін біріктіретін іс-шаралар өткізу.
* Әлеуметтік кампаниялар: ауыл тұрғынының оң имиджін қалыптастыру, ауыл шаруашылығы кәсіптерінің беделі мен болашағын көрсету.
* Деректі фильмдер мен бағдарламалар: ауыл еңбеккерлерінің өмірі мен жұмысы, ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялар туралы әңгімелер.
* Аспаздық сабақтары: ауылшаруашылық өнімдерінен дәмді және пайдалы тағамдарды қалай дайындауға болатындығын көрсету. Мамандықтардың беделін арттыру үшін:
* «Үздік фермер», «Үздік агроном», «Үздік ветеринар» конкурстары: ауыл шаруашылығындағы кәсібилік пен жетістіктерді көтермелеу.
* Ауыл жастарын қолдау: бастауыш фермерлерге гранттар, жеңілдікті несиелер беру. Кәсіби дағдыларды дамыту үшін:
* Мобильді оқу орталықтары: ауыл тұрғындары үшін көшпелі семинарлар мен курстар ұйымдастыру.
* Онлайн оқыту платформалары: заманауи білім мен технологияға қол жетімділікті қамтамасыз ету.
*Шетелдегі тағылымдамалар: колледж мамандары мен студенттері үшін озық агрономиялық орталықтарда біліктілігін арттыру мүмкіндігі. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін:
* Агротуризм: ауыл туризмін шаруа қожалықтары үшін қосымша табыс көзі ретінде дамыту.
* Кооперация: өнімді бірлесіп сату үшін шағын шаруа қожалықтарын біріктіру.
* Мемлекеттік қолдау: ауыл шаруашылығы бизнесін дамыту үшін субсидиялар, жеңілдіктер беру.
Енді нақты жобаларға тоқталайық.
Нақты дәлелдерге көшпес бұрын, қазіргі ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық секторға айналып бара жатқанын атап өту маңызды. Электроника, автоматика, мехатроника тек оқу құралы ғана емес, болашаққа инвестиция болып табылады, мұндай құрылғылармен оқытылған түлектер автоматтандыру, робототехника және ауыл шаруашылығы процестерін басқару саласында терең білімге ие болады, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, ал ауыл шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізу өнімділікті, өнім сапасын және экспорттық әлеуетті арттыруға ықпал етеді. Осыған орай, төмендегі жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
1. «3-кабинет» жобасы. Электроника, роботехника және прототипирование бағыттары бойынша.
2. «Ауыл шаруашылығындағы мехатроника» жобасы.
3. «Ветеринарлық лаборатория қызметі» жобасы.
4. «Геодезиялық ізденістер» жобасы.
5. «Ауыл шаруашылығы өнімдері, дұрыс тамақтану түрлері» жобасы.
6. Полиграфиялық қызмет жобасы.
7. Құрылыс қызметтері жобасы.
8. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету.
Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы Президентіміз атап өткендей, «Жұмысшы мамандықтары жылы» қоғамымызда қажырлы еңбек пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге септігін тигізеді» деген сенімдеміз.