Елімізде «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – ел бойынша экологиялық челлендждер мен ағартушылық жобаларды жүзеге асырып, мыңдаған жасты біріктіретін қозғалыс. Биыл 35 мыңнан астам жас маусымдық жұмыспен қамтылмақ. Оның ішінде 14 мыңы алғашқы жартыжылдықта-ақ уақытша жұмыс тауып үлгерді. Енді жастар волонтерлік бастамаларға, қайырымдылық акцияларға, экологиялық және мәдени-спорттық жобаларға белсенді түрде қатысады.
«Бұл жұмыс олардың кәсіби дағдыларын дамытып қана қоймай, елдің өзекті мәселелерін шеше алатын жауапты азамат болуына ықпал етеді», - дейді ұйымдастырушылар.