Атырауда «Киік» акциясы барысында заң бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырауда «Киік» акциясы барысында заң бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
(0 Votes)

Атырау облысында 1-31 желтоқсан аралығында киіктерді заңсыз аулаудың алдын алу, олардың өнімдерін заңсыз дайындау мен сатумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Киік» кең ауқымды акциясының қысқы кезеңі өтуде. 

Шара аясында Атырау облысы полиция департаментінің Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі Дамба, Амангелді, Жамбыл және Пешной елді мекендерінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.

Рейд барысында екі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігі («Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оларға ескерту берілді.

Сондай-ақ, Дамбы елді мекенінде Жайық өзені маңында құжатсыз «Урал» мотокөлігін басқарған екі азамат анықталып, олар Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне тапсырылды.

Рейдтік іс-шараларға Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Атырау облыстық Балық шаруашылығы басқармасы және табиғат қорғау прокуратурасы мамандары қатысуда.

Мамандар аңшылық атыс қарулары мен патрондарды, суық қаруларды сақтау және тасымалдау ережелерінің сақталуын, сондай-ақ биологиялық ресурстарды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT