Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды анықтады.
Тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ долларын құрайтын 175 дана жалған 50 долларлық купюра табылып, тәркіленді. Оның шет мемлекеттерден көлік әкелумен сататындығы анықталды. Қазіргі таңда күдіктінің жалған ақша қаражаттарын қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексерілуде.
Күдіктіге қатысты шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.