Атырауда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын» ашу жоспарлануда

фото: 24.kz
(0 Votes)

Биыл зейнеткерлік жастағы адамдар үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ашылуы 29 қыркүйекке жоспарлануда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ол Балықшы шағын ауданы, Айнаш Байжігітова 80 а мекенжайында орналаспақ.

"Белсенді ұзақ өмір сүру және зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік көрсету орталық" КММ-нің директоры Арман Дускалиевтің айтуынша, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің теңгеріміне берілген зейнеткерлік жасына шыққан егде жастағыларға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жаңадан бой көтергелі жатыр. Қазіргі таңда ғимаратқа (436.1м.кв) бөлініп отыр. Орналасқан орталықтың аппаратын қамтамасыз етуге 53 421 мың теңге бөлінді.

Орталық зейнеткерлерге арналған шығармашылық, топтық, сондай-ақ жеке дара үйірмелермен (шахмат, йога, жаттығу залы) қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, келесі жылдан бастап бәйге ат жарысы және бассейн қамтылуы жоспарлануда. Мекеменің ашылуы қыркүйек айының 29 жұлдызына жоспарлануда.

Қасиет Бахкерейқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT