Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында ағымдағы жылдың 27 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінде «Назар аударыңыз-балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің полиция қызметкерлері ескертеді:
Балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды;
Теміржол маңында ашық ойындарды ұйымдастырмауға;
Теміржол бойынан белгіленбеген жерден және вагон астынан өтпеуге;
Пойыз жүріп бара жатқанда отыруға немесе түсуге болмайды, пойыз толық тоқтаған кезде түсесіз;
Келе жатқан поезд алдынан жүгіріп өтпеңіз;
Есте сақтаңыз Теміржол –ойын алаңы емес!
Сондай-ақ, сағат 23:00 ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің, ата анасының қадағалауынсыз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй жайдан тыс жерде жүрмеу керек екендігі ескертеді. Атырау станциясы желілік полиция бөліміне қарасты қызмет атқару аймағында қадағалаусыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтаған жағдайда, ата-аналары ҚР ӘҚБтК 442 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі