Атырауда 1 келіден астам синтетикалық есірткі таратумен айналысқан аудан тұрғыны ұсталды

Атырауда 1 келіден астам синтетикалық есірткі таратумен айналысқан аудан тұрғыны ұсталды
(0 Votes)

20 сәуір күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан 37 жастағы Индер ауданының тұрғынын ұстады. Күдіктінің жеке басын тінту кезінде және оның көрсетуімен 100 дана оралған ақ түсті ұнтақ тәріздес заттар анықталып, тәркіленді. Анықталған заттардың салмағы 1 келіден асатын синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды.

Аталған дерек ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдікті ҚПК-нің 128-бабы бойынша қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT