Атырау қаласындағы 7 жылу беру бекетінің жұмысы аяқталды

Атырау қаласындағы 7 жылу беру бекетінің жұмысы аяқталды
(0 Votes)

 Балықшы мөлтек ауданындағы Байжігітов 74, Бейбітшілік 62 және Нұрсая ықшам ауданындағы Болашақ тұрғын үй кешендеріндегі жылу беру бекеттері жаңартылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Жоспарға сәйкес, биыл 2 жылу қазандық, 3 жылу алмастырғыш, 12 жылу айналдырғыш ауыстырылып, жаңасы орнатылды. Қазір 6 жылу бекетін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.Бұл жұмыстар қазан айының ортасына дейін жалғасады,- деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының баспасөз хатшысы Амангүл Айтбай.

Атырау қаласы жылу беру маусымына дайын. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жылу беру энергиясы күшейіп,апаттық жағдайлардың алдын алмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT