2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы – еліміздің еңбек адамына деген зор құрметінің белгісі. Бұл шешім қарапайым жұмысшының қоғамдағы мәртебесін көтеріп, жас ұрпаққа еңбекқорлықты дәріптеудің айқын дәлелі.
Қай заманда да елдің дамуы, халықтың тұрмысы – жұмысшы еңбегіне тікелей байланысты. Құрылысшы салған үйде тұрамыз, ұсталар жасаған құралды қолданамыз. Дәнекерлеуші, жүргізуші, тігінші, шахтер мен механизатор – бәрі де халық игілігі үшін тер төгетін жандар.
Президент бастамасы жастарды қолөнер мен кәсіптік білімге тартуға, техникалық мамандықтардың беделін арттыруға зор серпін береді деп сенеміз. Бұл – жұмысшы мамандық иелеріне жаңа мүмкіндік, қоғам үшін үлкен өзгеріс. Еңбектің қадірін ұлықтап, жұмысшыға құрмет көрсететін кезең туды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» – тек ұран емес, ел болашағы үшін нақты қадам!