Жыл басынан бері Атырау облысында 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 6 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орны.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселелеріне тоқталып, алдағы бес жылда ірі инвестициялық жобалар аясында 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылатынын атап өтті.
- Ашылатын жұмыс орындарының 13 мыңы жобылардың құрылысы кезінде ашылады деп жоспарлап отырмыз. Қалғаны - тұрақты жұмыс орындары, - деді Серік Шәпкенов.