Өңірде көпқабатты 52 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов ОКҚ
- Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – аса маңызды әлеуметтік міндет. Қазіргі таңда облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрған азаматтардың саны – 29 437. Қазіргі таңда облыста көпқабатты 52 тұрғын үй салынып жатыр. Мұнда бас-аяғы 3 382 пәтер болады. Олардың жалпы ауданы – 300 мың шаршы метрге жуық, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, аймақта жыл аяғына дейін 944 отбасыға шақталған көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі.