Өңірде экология мәселесі өте өзекті. Негізгі ластаушы көздері
– «Сасық сай» булану алаңы, «Квадрат» булану алаңы, тұрмыстық қалдықтар полигоны, Атырау мұнай өңдеу зауыты. «Қазіргі таңда «Сасық сай» булану алаңында сарқынды суларды тазарту қондырғысы орнатылды, рекультивация жұмыстары толықтай аяқталды, жағымсыз иіс мәселесі шешілді. «Квадрат» булану алаңында да тиісті жұмыстар қолға алынды. Сарқынды сулар мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі», - деді облыс әкімі.
Тұрмыстық қалдықтар полигоны мәселесін шешу үшін сұрыптау зауыты салынды. Кәсіпорын биыл іске қосылады. Сондай-ақ, қаладан алыс жерде жаңа полигон құрылысы жүргізіледі.