Атырау облысында әскери міндеттілер оқу-жаттығудан өтуде

Атырау облысында әскери міндеттілер оқу-жаттығудан өтуде
(0 Votes)

Атырау облысында 20-45 жас аралығындағы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндетті азаматтарының қатысуымен 10 күндік оқу-жаттығу жиыны басталды. Жиынға жүзге жуық адам тартылды.

 

Оқу-жаттығу барысында қатысушылардың әскери даярлық деңгейі тексеріліп, қару-жарақпен жұмыс істеу, саптық және тактикалық дайындық сабақтары жүргізіледі.

 

Әскери шараның басты мақсаты – ел қорғанысын қамтамасыз ету ісінде азаматтардың біліктілігін арттырып, жауынгерлік машықтарын жетілдіру.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT