Махамбет ауданы Алға ауылының тұрғыны Эльмира Жұмағазиева қайтарымсыз грантқа ие болып, наубайхана ашты, деп хабарлайды AtyrauPress.
Көпбалалы ана Эльмира Жұмағазиева 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2,0 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетуде.
«Айару» ЖК иесі шағын наубайханасын толығымен жабдықтап, іске қосып отыр.
Нан мен нан өнімдеріне деген сұраныс әрдайым болады. Сондықтан ол осы кәсіпке білек сыбана кіріскен. Әзірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына енгізілген нан тағамдары, тәтті бәліштер мен жартылай фабрикатталған өнімдер дайындауды жолға қойды.
Ауылдың бір тұрғынын жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер келешекте наубайхананы кеңейтіп, өзі секілді көпбалалы аналарды да еңбекке қосуды жоспарлап отыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА