Атырау облысының Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

(0 Votes)

Облыс прокуроры Бауыржан Жұмақановтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шарада құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қылмыстың алдын алу бойынша өзара іс-қимылының тиімділігі, оларды шешу жолдары талқыланды.

Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жалпы қылмыс 5%-ға өсумен сипатталады, оның ішінде кісі өлтіру 55%-ға, ЖКО 35%-ға, бұзақылық 32%-ға, алаяқтық 27%-ға, интернет-алаяқтық 44%-ға өсті.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне назар аудара отырып, қадағалау ведомствосының басшысы ювеналды қызметтердің жұмысын ұйымдастыруды қайта қарауды ұсынды.

«Балалар қылмысы 48%-ға өсті. Бұл алаңдатарлық факт. Балалар – бұл біздің болашағымыз, және олар өсетін орта тек ата-аналардың ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және полиция органдарының назарында болуы керек», – деді прокурор.

«Күн сайын ЖКО орын алуда. Жолдардағы өлім-жітім 35%-ға өсті, ал дене жарақатын алғандар саны 7%-ға өсті. Сондықтан полицияға патрульдеуді күшейтуі керек», деп жалғастырды ол.

Үйлестіру кеңесінің заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтіп, облыс прокуроры тиісті органдарға алкогольді заңсыз сатумен, есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күресті жандандыруды, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейтуді, өңірдегі криминогендік жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретін жұмысты жаңа форматқа ауыстыруды тапсырды.

«Бүгінгі шындық формальдылықтан бас тартып, нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса назар аудара отырып, профилактикаға түбегейлі көзқарасты талап етеді»,деп қорытындылады Үйлестіру кеңесінің төрағасы.

Өз кезегінде, облыс прокуратурасы азаматтардың айналасындағыларға жанашырлықпен қарауының, құқық тәртібі органдарына көбірек сенім білдіруінің және олардың құқықтары мен заңды мүдделері сөзсіз қорғалатынына сенімді болуының маңыздылығын айқындайды.

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT