Атырау Jastar Fest 2025: Гала-концертке 20 мыңнан астам көрермен қатысты

(0 Votes)

Атырауда өткен «Atyrau Jastar Fest 2025» ұлттық онкүндігінің қорытынды гала-концертіне 20 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонақтары жиналды.

Ерекше кеште қазақстандық өнер жұлдыздары Alem мен Белучи ән салды. Гала концерт аясында киберспорт турнирінің жеңімпаздары марапатталды.

Әсерлі шоу-бағдарлама, әсем әндер мен би қойылымдары, жастардың жалынды өнері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл кеш — жастардың бірлігі мен өнерін паш еткен, Атырау қаласының мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT