“Тәуелсіздік ұрпақтары” грантының жеңімпаздары марапатталды

(0 Votes)

Атырау қаласының Сұлтан-Бейбарыс алаңында жастардың көптен күткен мерекесі – «Atyrau Jastar Fest-2025» гала-концерті басталды. Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған бұл ауқымды шараның басты бөлігі – «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткен жоба өз мәресіне жетіп, үздік деп танылған жастарға әр бағыт бойынша 1 миллион теңгеден 18 грант табысталды. Жастардың бизнес, мәдениет, медиа, ғылым, ақпараттық технологиялар, волонтерлік және басқа да салалардағы тың идеялары қолдау тауып, олардың жаңа бастамаларына жол ашылды.

Гала-концерттің салтанатты сахнасында қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов жеңімпаздарды құттықтап, марапаттарын табыстады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жас буынның арманын жүзеге асыруға, қоғамға пайдалы жобаларды дамытуға мүмкіндік беретін маңызды қадам екені айтылды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суретке түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT