«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» - таза болашақ!

(0 Votes)

Индер ауданы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға ауданның 30 мекемесінен 200-ден астам қызметкер қатысып, «Жеңіс» саябағында тазалық жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде саябақ аумағынан 10 тоннаға жуық қоқыс пен арам шөп жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Бұл жұмыстарға арнайы техника жұмылдырылып, саябақтың келбеті жаңаша түрге енді. Аталмыш акция ауданымыздың экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың табиғатты аялауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT