Сіздерді, Шұғылалы көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған – әйел ана, әйел дана, барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш.
Әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі, біртұтастығымызды сақтаушы күш.
Қадірлі де сүйікті аналар мен арулар, Сіздерге мықты денсаулық, жұмыстарыңызға шабыт, отбасыларыңызға береке мен отбасы жылуын тілейміз. Сіздерді тек мереке күндері ғана емес ғұмырларыңыздың бар кезеңінде қуаныш, жақсылық және сүйіспеншілік лебі аяласын!
«Мақат тынысы» ұжымы