Атырауда КТ, МРТ қызметтері тегін, әрі кезексіз болады

(2 Votes)

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тұрғындарға компьютерлік томография және магниттік резонанстық томография қызметтері тегін көрсетіледі.

Бұған дейін аталмыш қызметтер облыстық аурухана мен балалар ауруханасында ғана көрсетілді. Бұл екі нысандағы құрал-жабдықтар облыс тұрғындарын бір мезетте тұтас қамти алмады.

Соның салдарынан пациенттерге тегін жолдама берілгенімен, кезегін бір айдан аса уақыт күтуге тура келді. Осы мәселені оңтайлы шешу үшін  компьютерлік томография және магниттік резонанстық томография қызметтерін көрсететін жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарымен  мемлекеттік емханалар арасында қосымша келісім-шарт жасалды.

Нәтижесінде бүгінде Медициналық сақтандыру аясында аймақта 5 КТ, 3 МРТ аппараттары қызмет етуде. Ендігі уақытта осы қызметтерді алу үшін бірнеше күн күту мәселесі болмайды, – дейді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры КЕАҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

 img-20200305-wa0053-1024x1024

Сондай-ақ, спикер облыстық кардиологиялық орталықтың қосымша елу орындық нысаны іске қосылғанда мұндағы кезек мәселесі де реттелетінін айтты. «Бұл қосымша ғимараттың құрылысы биыл сәуірде аяқталады. Одан әрі пациенттердің жүрек ауруларының тексерісіндегі кезек күту пролемалары да шешімін табады» деді Сәбит Райымбекұлы.

atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521