Өскелең ұрпаққа қамқорлық таныту – мемлекеттік басымдылыққа ие бағыттардың бірі. Қазір елімізде өмірге келген әр бала туылғаннан бастап, ер жеткенге дейін мемлекеттің қолдауында бола алады.
Осы мақсатта еліміздің он сегіз жасқа толмаған әр азаматына «Ұлттық қор балаларға» жобасынан белгілі бір төлемдер аударылып отырады. Бұл - жас ұрпақ болашақта білім мен баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік алады деген сөз.
Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылатыны айтты.
Менің ойымша, ұлттық қордың қаражаты - болашақ ұрпаққа еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім болмақ. Әрі өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етіп, кейінгі ұрпақтың келешекке зор сеніммен қарауына мүмкіндік береді.
Ж.Мырза
ата-ана