«Жайлы мектеп» заман талабы

«Жайлы мектеп» заман талабы
(0 Votes)

Мемлекет басшысы білім саласына қолдау көрсетіп, жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына зор қамқорлық жасауда. Соның бір көрінісі «Жайлы мектеп» жобасы. 

Жоба аясында соңғы 5 жылда 889 мың орындық 1048 мектеп салынып жатса, оның 420-сы ауылдық елді мекендерде бой көтеруде. 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 жайлы мектептің құрылысы жоспарланған. Мұның 36-сы ауылдарда орналасады. Бұл мектептер барлық заманауи құралдармен жабдықталады. Өз басым қолдаймын. Еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпаққа және олардың ұстаздарына осындай қолдау көрсетілгені көңіл қуантады. Жыл өткен сайын Қазақстанда халық саны өсуде. Елімізде қазір 3,9 млн. мектеп оқушысы бар екен.

Ауданымыздың да демографиялық ахуалы жақсарып, бала саны көбейіп келеді. Кейбір мектептерде оқушылар мөлшері сыйымдылығынан асып түседі. Қазір ауданымыздың Ақкөл және Құрманғазы ауылдық округтерінде екі бірдей 600 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы жүріп жатыр. РТС ауылындағы 600 орындық «Жайлы мектептің» үшінші қабаты біткен. Мұнда бас мердігер «Каспий Құрылыс LTD», тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construction» АҚ, техникалық қадағалаушы «Лидер» ЖШС. Біткеннен кейін бала саны көп Ломоносов орта мектебі осында көшеді деп естіп жатырмыз. Мемлекетімізде білім дамыса, өркениет көшінің басында жүреріміз анық.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT