АМӨЗ-дің Ұжымдық шарты республикалық байқауда үздік деп танылды

(0 Votes)

«АМӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Досмұратов пен зауыттың кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалымжан Амантурлин Астанада ҚР-ның Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа қоғамдық келісім: әділетті еңбек қатынастары» атты форумға қатысты. Іс-шара әлеуметтік әріптестік аясында өткен 2022 жылды қорытындылауға бағытталды. 

Форумға Кәсіподақтар федерациясының және оған мүше ұйымдардың кәсіподақ көшбасшылары, Әзірбайжан, Молдова және Түркия ұлттық кәсіподақ орталықтарының басшылары, Халықаралық еңбек ұйымы мен Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер қатысты. АМӨЗ-дің бас директоры Мұрат Досмұратов жиналғандарды тұрақты дамуды қамтамасыз етуге арналған негізгі стратегиялық мақсаттар және әлеуметтік бағдарланған жұмыс берушінің тәжірибесімен таныстырды.

Еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктердің лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін АМӨЗ-де жұмысшылардың жалақысын өңірлік еңбек нарығындағы мұнай-газ саласы қызметкерлерінің деңгейіне дейін кезең-кезіңімен көтеру саясаты жүзеге асуда. 2022 жылдың өзінде «АМӨЗ» ЖШС жұмысшыларының еңбекақысы 30%-ға өсті. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. 2022 жылы «Атырау МӨЗ» ЖШС-да өндірістік жарақат пен кәсіптік аурулар фактілері тіркелген жоқ. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша мақсаттық көрсеткіштер толықтай орындалды, - деді зауыт басшысы.

Форум аясында «2022 жылдың үздік ұжымдық шарты» республикалық байқауы қорытындыланды. Сайысқа Кәсіподақтар федерациясына мүше ұйымдардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатысты. Өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша АМӨЗ-дің Ұжымдық шарты үздік ондықтың қатарына енді. Мұрат Досмұратов конкурс ұйымдастырушыларына алғысын айтып, кәсіпорынның алдағы уақытта да еңбек ұжымының әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмыстанатындығын жеткізді.

Іс-шара соңында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Мұрат Досмұратовты «Үздік әлеуметтік әріптес», ал Ғалымжан Амантурлинді «Еңбек озаты» медальдарымен марапаттады.

АМӨЗ-дің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы ең алғашқы Ұжымдық шарт 1986 жылы жасалған. Содан бері құжаттың құрылымы мен мазмұны үнемі жаңарып, зауыт жұмысшыларын әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтіліп келеді. Қолданыстағы Ұжымдық шартқа 2022 жылдың 16 наурызында қол қойылды. Келісім еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктердің лайықты деңгейін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT