АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

(0 Votes)

Адам құқықтары - адам жарық дүниеге, өмірге шырылдап келген сәттен бастап пайда болады. Адам құқықтары - адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді.

 Табиғи құқықтар дегеніміз - адамның тіршілік етуінен туындайтын құқылары.

Әлеуметтік құқылар дегеніміз - адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын құқықтары.

Адам құқығы - адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ең жоғарғы демократиялық құндылық. Сондықтанда әрбір адам өзінің де, басқаның осы құндылығын бағалай білу және оған ешқандай да зиян келтірмеу керек.

Рухани байлығымыздың бірі отбасы құндылықтары екені сөзсіз. Қазақ халқы өзінің ұрпағын ата баба дәстүрімен, ата әже тәрбиесімен, ата ана қамқорлығымен тәрбиелеген. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын,, оны ұрпақ санасына қалыптастыратын жандар ардақты аталар мен әжелер болған. Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және мәдениет пен адамгершілікті қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы деуге болады.

Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер деген дана халқымыз. Әке туралы, оның отбасындағы орны туралы әлемнің барлық халықтары, ұлы философтары өз еңбектерінде айтқан және ұрпаққа аманат қылып қалдырған.

Мысалы, Жүсіп Баласағұни бабамыз Ұл туса - әкеге тартар десе, Америкалық атақты саясаткер Жорж Вшингтон Әке болу - бұл тек ұрпақ жалғау емес, сонымен бірге ұрпақ тәрбиелеу деп көрсеткен. Сонымен бірге қазақта әкенің қамқорлығы таудан биік, Ананың махабаты теңізден терең деп бекер айтылмаған.

Бүгінгі Ата, әке, бала сынды осы ғасырда жасап отырған үш ұрпақтың мойнындағы ұлы міндет өз тамырын іздеу, өзін-өзі толық тану болып табылады.

Қамшының сабындай қысқа өмірде адам баласының бүкіл болмысын, тыныс тіршілігін, кескін-келбетін ғажайып нұрға бөлейтін, жүрек төрінен мәңгі кетпейтін екі асыл жан бар. Оның біреуі-аяулы ана болса, екіншісі- ардақты әке.

Қазақ әйелі бар мұратын отбасының игілігіне арнаған, бар тілегін перзентінің жолына байлаған әдлемдегі ең мейірімді ана, ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.

Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды тек қана мемлекеттік бағдарламаларға сүйенбей, ұлтық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы ретінде санауы керек. Әрбір отбасында өскен тәрбиелі, білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі.

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет ретінде жылдан-жылға құқықтық реформаны күшейте келе, адам құқықтарының бұлжымастығы, мемлекет тарапынан кепілдігін нығайтып келеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 83-1 бабы және «Қазақстан Республикасындағы Адам құқыұтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, оларды сақтау мен құрметтеудің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам болып табылады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің міндеттері адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал ету.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылық, әділдік, бейтараптық, объективтілік, жариялылық, ашықтық, айқындық қағидаттарын және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген басқа да қағидаттарды басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және қорғау мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, өзге де ұйымдарға және лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың профилактикасына және қалпына келтіруге бағытталған шараларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар береді;

Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың қызметін үйлестіреді;

Жоғарыда аталған Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қарайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Айта кетейік, 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына қол қойған болатын.

Біріншіден, бұл жаңалық отбасын қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, Неке және Отбасы туралы Кодекстің 2-бабына дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету туралы толықтырулар енгізілді.

Жаңа заңда басқада түзетулер мен толықтырулар бар, бірақ дәл осы ережелер стратегиялық мемлекеттік бағдар береді. Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген де қоғамды негізсіз, фейк хабарламаларда болғаны белгілі. Сондықтан осы мәселе бойынша кез келген балама пайымдар негізсіз, оған ешқандай күмән жоқ. Қазақстан тек дәстүрлі ұлттық отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын сақтауда қолдау көрсетеді.

Екіншіден, жаңа заң балаларымызды педофилден қорғайды. енді бұндай қылмыс жасағандар өмір бойы түрмеге тоғытылады. Кішкентай балаларды өлтіргені үшінде дәл осылай жазаланатын болады.

Мұндай жаңалықтарды адамдар өте жақын қабылдайтын болғандықтан, барша хадлқымыз қылмыскерлерді осылай ауыр жазалауды құптау білдіріп жатыр.

Үшіншіден, тіпті 16 жасқа дейінгі балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 40 күнге қамауға алынатын жаңа заң енгізілді.

Түзетулер күшіне енген сәттен бастап балаларға жөнсіз қол тигізу, ұятсыз ұсыныстар білдіру және тағы басқалары жазасыз қалмайтын болады. Балалар мен олардың ата-аналары өз елінде өздерін қауіпсіз сезінуге тиіс.

Төртіншіден, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін қылмыстың жаңа құрамы енгізілді.

Бұл шара пайда болған көптеген сайттарды, арналарды, чаттарды, суицидтік бағыттағы топтарды заң жүзінде бұғаттап қана қоймай, олардың ұйымдастырушыларының сыбайластарымен бірге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға мүмкіндік береді.

Енді тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып соғу үшін 80 АЕК мөлшеріндедегі айыппұлдан 50 тәулік дейін қамау түрінде жаза енгізіледі.

Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК мөлшеріндедегі айыппұлдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады.

Осы ретте, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты мен мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ықпалдастық та артып, жалпы құқық қорғаушылық саласындағы оң ілгер ілеушілік байқалуда.

2024 жылы Уәкіл кеңсесі өз қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткіміз келеді: өтініштер саны айтарлықтай өсті, бұл тұрғындар тарапынан сенімнің артқанын көрсетеді, келушілер саны да кеңейген, құқықтық ағарту жұмыстары жанданып, жүйелі жолға қойылды. 2024 жылдың 12 айында Уәкіл кеңсесіне 6,5 мыңнан астам өтініш түсті, бұл 2023 жылғы көрсеткіштерден 11%-ға артық. Өтініштер санының артуы азаматтардың Омбудсменді өз құқықтарын қорғаудың нақты тетігі ретінде қарайтынын көрсетеді.

Уәкіл мен оның өкілдері қызметінің тағы бір маңызды бөлігі – түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқықтарын қорғау. Сотталғандардан түскен шағымдардың басым бөлігі тұрмыс жағдайының көңіл көншітпейтіндігі, медициналық көмектің көрсетілмеуі, мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тартуға қатысты.

Осы өтініштерге жауап ретінде Уәкіл мен оның өкілдері бас бостандығынан айыру орындарындағы ұстау жағдайларына мониторинг жүргізді.

Жалпы, жыл бойына Уәкіл мен оның өкілдері 770 мекемені, оның ішінде қылмыстық-атқару мекемелерін, әлеуметтік нысандарды және білім беру ұйымдарын аралады. Барулар нәтижесінде 1014 ұсыным беріліп, оның 81 пайызы орындалды. Бұл мемлекеттік органдармен сындарлы өзара әрекеттестік пен олардың жауапкершілігінің артқанын көрсетеді. Омбудсмен Артур Ластаев соңғы екі жылда Үкімет пен мемлекеттік органдарға жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған 10-ға жуық бастама көтерді.

Олардың қатарында оқшауланған сотталғандардың жоғары білім алуына мүмкіндік беру, облыс орталықтарында көп бейінді колониялар салу, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту және қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында заңнамаға өзгертулер енгізу бар.

Көпсалалы колониялар салу мәселесі де қарастырылуда. Мұндай мекемелерді салу қажеттілігі қазіргі уақытта түзеу мекемелерінің ірі елді мекендерден шалғай орналасқандығына байланысты. Бұл олардың қажетті тұрмыстық жағдайлары мен кадрлармен қамтамасыз етілуіне кері әсерін тигізеді, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қиындатады, медициналық қызмет көрсетуді тежейді. Сондай-ақ сотталғандардың туыстарымен байланысын шектейді.

Осыған байланысты Артур Ластаев Үкіметке барлық санаттағы тұтқындардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын ұстау жағдайларын қамтамасыз ете алатын көпсалалы аралас қауіпсіздік мекемелерін салу туралы ұсыныс енгізді. Тұжырымдама өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар, кәмелетке толмағандар, әйелдер, оның ішінде балалы аналар және басқалар үшін бөлек блоктары бар колониялар құруды көздейді.

2023 жылғы қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізді, оның барысында мемлекеттік органдармен, сарапшылармен, ҮЕҰ және дағдарыс орталықтарының өкілдерімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға ықпал ететін негізгі факторлар талқыланды.

Нәтижелері бойынша заңнамалық түзетулер пакеті жасақталып, Парламентке жолданған болатын. Атап айтқанда, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту, барлық уәкілетті органдар мен ұйымдарда отбасылық зорлық-зомбылық туралы арыздарды қарау нәтижелерін және қабылданған процестік шешімдерді көрсететін интеграцияланған деректер базасын құру, қылмыстық қудалау нысандарын қайта қарау бойынша шаралар ұсынылды.

Айта кетерлік жайт, еліміздегі белгілі бір атышулы қылмыстарға байланысты қоғамда қылмыстық жауапкершілікті күшейту және отбасылық- тұрмыстық саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері қызу талқыланып жатыр.

Сондықтан біздің ортақ күш-жігеріміздің назары тек санкцияларды қатайтуға ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмауға және жоюға бағытталуы керек. Қылмыстылық пен профилактикалық шараларды күшейту, сондай-ақ құқық қорғау және мемлекеттік органдардың дұрыс жұмыс істеуі отбасылық- тұрмыстық саладағы қылмысты айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданғаннан бері 75 жыл өтті. Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелері әлі де алдыңғы қатарда тұр. Соңғы жылдардағы елеулі мәселелердің бірі отбасы және тұрмыстық қатынастардағы проблемалар болып табылады. Бұл - теңдік, кемсітпеушілік, ерік білдіру және өзін-өзі жүзеге асыру сияқты көптеген мәселелер.

Әрине, адамды физикалық, психологиялық, сексуалдық және экономикалық зорлық-зомбылықтан қорғау ең өзекті мәселе болып қала береді. Отбасындағы қол сұғушылықтан жеке адамның қауіпсіздігі мәселелері кез келген қоғам мен мемлекетке тән. Бұл дәстүрлі отбасы қатынастардың ерекшеліктерімен де, жалпы дүниетаным мен моральдық құндылықтар жүйесінің дамуымен де байланысты.

Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қауіптілігін елемеуге болмайды, ол адамға зиян келтіру немесе өлім, жетімдік және балалардың жарақаттануы ғана емес, сонымен қатар отбасы және әлеуметтік байланыстар институтын бұзу, жоғары құндылықтардың – адамның, оның өмірінің, денсаулығының және қол сұғылмаушылықтың құнсыздануы болып табылады. Отбасы өмір әлеуметтік тәртіпке және сәйкесінше жалпы прогресс пен дамуға үлкен әсер етеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық адам құқықтарын бұзу ретінде ғана емес, мәселен бірге отбасының дамуына кедергі келтіретін және қоғамдық құндылықтарды бұзатын фактор ретінде де қабылданады. БҰҰ Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты «жыныстық қатынас негізінде жасалған кез келген зорлық-зомбылық» деп анықтайды.

Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы зерттеулер мынадай: 1) әлеуметтік-экономикалық факторлар (жұмысқа орналасудың қиындығы, тұрғын үйдің болмауы, жалақының төмендігі және т.б.); 2) құқықтық шаралар; 3) білім мен ағартудың төмен деңгейі; 4) жаман әдеттер; 5) гендерлік теңдіктің төмен деңгейі; 6) ерлер мен әйелдерге еңбекақы төлеудегі алшақтық; 7) еңбек нарығында әйелдердің «ерлер» кәсіптеріне қолжетімділігін шектей отырып, көлденең және тік сегрегация; 8) экономиканың дәстүрлі және төмен ақы төленетін секторларындағы әйелдердің салыстырмалы шоғырлануы және т. б. тәуекел топтарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік отбасы саясат Қазақстанның әлеуметтік саясатының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаттары отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау, отбасылар мен олардың мүшелерінің физикалық, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін қажетті жағдайлар жасау, ана, әке және баланы қорғау болып табылады.

Мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін отбасы-тұрмыстық саладағы құқықтар мен бостандықтарға, сондай-ақ балаларды (кәмелетке толмағандарды) қатерлерді азайтуға және профилактикалық және алдын алу шараларын әзірлеуге бағытталған зорлық-зомбылықтан қорғауға кепілдік беретін 50-ден астам құқықтық актілер қабылданды және қолданылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі салалық нормативтік құқықтық акті 2009 жылы қабылданған «Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңы болып табылады.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК) тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік іс жүргізуді қозғаудың арыз иесінен анықтау тәртібіне көшуді көздейтін түзетулер күшіне енді. Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі де алынып тасталды: енді бұл сот процесінде бір рет қана рұқсат етіледі, бұл зардап шеккендерге психологиялық қысымның қатал тәжірибесін азайтады.

2023 жылдың қазан айынан бастап құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсету үшін отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылды.

Адам құқығына қатысты басты қағидаттардың бірі барлық адамдар өздерінің қадір-қасиеті мен құқықтары бойынша еркін және тең болып туады. Ешкімді азаптауларға немесе қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар- намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалауға болмайды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында алғаш рет баяндалған әмбебаптық, өзара тәуелділік және бөлінбеушілік, теңдік пен кемсітпеушілік, адам құқықтарының мемлекеттің оң және теріс міндеттемелерімен өзара байланысы сияқты негізгі қағидаттар адам құқықтары жөніндегі көптеген конвенцияларда, декларацияларда және қарарларда және басқа да халықаралық актілерде іске асырылды.

10 желтоқсан Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданған күні және бұл күн Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқару күнімен сәйкес келеді.

1996 жылы елдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңнамалық базасын жетілдіру үшін БҰҰ ең төменгі халықаралық стандарттарды қамтитын Отбасындағы зорлықзомбылыққа қарсы модельдік заңнаманы әзірледі. Онда отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі нысандары айқындалады, зардап шеккендердің арыз беру тетігі егжей-тегжейлі, зардап шеккендердің құқықтары, құзыретті құрылымдардың міндеттері айқындалады, сондай-ақ жәбірленушілерге шұғыл және жоспарлы көмек көрсету шаралары белгіленеді.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылды. Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтағы әйелдердің ерекше осалдығын ескере отырып, Конвенцияда әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою маңызды рөл атқарады, бұл мемлекеттерді қандай да бір адам тарапынан әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою үшін барлық тиісті шараларды қабылдауға міндеттейді.

Конвенцияны сақтау мониторингі үшін құрылған БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеті Конвенцияны іске асыру мақсатында қабылданған заңнамалық, сот, әкімшілік немесе басқа да шаралар туралы және қол жеткізілген прогресс туралы елдердің баяндамаларын қарайды.

Мәселен, 2001 жылғы шілдеде Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау арқылы Қазақстан Конвенцияда баяндалған құқықтардың бұзылуы туралы шағымдарды қарау жөніндегі комитеттің құзыретін мойындады.

Айта кетейік, 1992 жылы Комитет әйелдерге қатысты зорлық зомбылық туралы № 19 жалпы ұсынымда Конвенцияның 1-бабында айқындалған әйелдерге қатысты кемсітушілік ұғымы гендерлік зорлық-зомбылықты да қамтитынын түсіндірді (яғни, «әйелге әйел болу немесе әйелдерге пропорционалды емес әсер ететін зорлық - зомбылық арқылы жасалған зорлық-зомбылық») және мұндай кемсітушілік әйелдер үшін адам құқықтарының бұзылуын білдіреді.

2017 жылы әйелдерге қатысты гендерлік зорлық-зомбылық туралы № 35 жалпы ұсынымдарда Комитет әйелдердің гендерлік зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығы өмір сүру, денсаулық сақтау, бостандық және жеке басына қол сұғылмаушылық, теңдік және отбасындағы тең қорғаныс, азаптаулар бостандығы сияқты басқа да адам құқықтарымен тығыз байланысты екенін атап өтті, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарымқатынас, сондай-ақ пікір білдіру және қозғалу, қатысу, жиналыстар мен қауымдастықтар бостандығы құқығы және осы құқықтардан бөлінбейді. Әйелдерге қатысты гендерлік зорлық-зомбылық қоғамдық және жеке өмірде, оның ішінде отбасы контекстінде де орын алады.

Комитет мемлекеттерге зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдерді және зорлық-зомбылықтан аман қалған адамдарды, сондайақ олардың отбасы мүшелерін қаржылық көмекке және тегін немесе арзан жоғары сапалы заң көмегіне, медициналық және психоәлеуметтік және консультациялық қызметтерге, білімге, сондайақ қажет болған жағдайда әйелдерге, олардың балаларына және басқа отбасы мүшелеріне тиісті баспаналарға қол жеткізуге мүмкіндік беруді ұсынады.

Осыған байланысты Комитет мемлекеттерге әйелдерге гендерлік зорлық-зомбылық туралы хабарлауға мүмкіндік бермейтін немесе кедергі келтіретін (мысалы, әйелдерді құқық қабілеттілігінен айыратын немесе мүгедек әйелдердің сотта куәлік беру мүмкіндігін шектейтін қорғаншылық туралы заңдар, «ескерту қорытындысы» деп аталатын тәжірибе) барлық заңдарды, әйелдерді, оның ішінде үй қызметшісі ретінде жұмыс істейтін әйел еңбек мигранттарды осындай зорлық-зомбылық жағдайлары туралы хабарлаудан бас тартуға мәжбүрлейтін шектеулі иммиграциялық заңдарды, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында қосарланған қамаққа алуға немесе зорлық жасады деп айыпталушыға қатысты ақтау үкімі шығарылған кезде әйелдерді қудалауға жол беретін заңдарды жою бойынша шаралар қабылдауға кеңес береді.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялады, ол қоғамның табиғи және негізгі бірлігі болып табылатын отбасына мүмкіндігінше кең қорғау мен көмек көрсетуді, әсіресе оның білім алуында және әзірге оның жауапкершілігінде тәуелсіз емес балалар мен олардың тәрбиесіне қамқорлық жасауды талап етеді

Бұдан басқа, әр адамның физикалық және психикалық денсаулығының қол жеткізуге болатын ең жоғары деңгейіне құқығы жарияланады. Халықаралық стандарттардың, оның ішінде отбасы-тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы маңызды көзі Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті болып табылады.

Пактіде азаптауларға және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын, адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасқа толық тыйым салу (7- бап), кез келген кемсітушіліктен қорғау (26-бап) белгіленеді. Басқа актілерде (БҰҰ мыңжылдық декларациясы, Бейжін декларациясы) мемлекеттер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерімен күресуге және әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Конвенцияны сақтауға бел буғанын растайды. Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың тағы бір маңызды аспектісі - балалардың құқықтарын қорғау.

Қазақстан Республикасы Конситуциясының 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы ол халықтың саны. Елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі Демографиялық саясат. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсу мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамығын және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады.

Демография дегеніміз белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демографиядағы ең басты мәселе халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлщерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі-ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (имминрация) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшіп-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынада алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және көші-қонның ықпалына қарай өзгеріп отыруы.

Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы-халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады.

«Қазақстанның демографиялық ерекшеліктері мемлекеттің жаңа эконо- микалық, инфрақұрылымдық сын-қатерлерді еңсере алуы мен жаңа ұрпақтың дамуы үшін жағдай жасауда зор маңызға ие Халық санының өсуіне туу көрсеткіші тікелей әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты мемлекет халық санын арттыру мақсатында аналар мен балаларды қолдау тетіктерін жүзеге асырып келеді.

Халық денсаулығын жақсарту мақсатында арнайы бағдарламалар да қабылданды. Бұл өз нәтижесін беруде. Мемлекет тарапынан көрсетілер көмек пен қолдаудың арқасында елімізде соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 25 пайызға артқаны байқалды. Күн сайын елімізде 1000-нан астам сәби өмірге келеді. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 400 мыңнан асып жығылады. Ал ана өлімі соңғы ширек ғасыр уақытта 4 есеге азайған. Дәрігерлер қауымы ана өлімін бұдан әрі де төмендету үшін білімі мен біліктілігін, тәжірибесін сарп етуде. Соған қарай Қазақ жерінде жылдан-жылға дәрігерлердің әлеуметтік әл- ауқатын арттыру қолға алынуда. Демографиялық өсімді арттыру бойынша жұмыстар осы қарқынмен жалғасатын болса, елімізде 2050 жылға қарай халық саны 24 миллионнан асады. Ана мен бала денсаулығы – демографиялық саясаттың негізгі көрсеткіші.

Елімізде де отбасы саясатын іске асыру үшін қажетті институционалдық база мен инфрақұрылым құрылып, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында бірқатар шара қабылданып жатыр. Мәселен, өмірлік қиын жағдайға тап болған шаңырақтарға көмек көрсету үшін өңірлерде 68 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. 2013 жылдан бері Ұлттық отбасы күні бекітіліп, 10 жылдан астам «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ұйымдастырылып келеді. Әке институтын дамыту мақсатында 2012 жылдан бастап «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі қызметін жалғастырып келеді. Мерекелер күнтізбесі Әкелер және Аналар күнімен толықтырылды.

Отбасылық саясаттың басты мақсаты – өмірдің барлық сынағына тойтарыс бере алатын ұрпақ тәрбиелеу. Жалпы, мемлекетімізде бала туу коэффиценті тұрақты.

Қазақ халықы басына қандайда наубет заман болсада, қандай да қиыншылықтарды басынан өткерсе де ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт дәстүрінмен, өнегені әдет ғұрыппен, үлгіні жөн жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Өмірде адам – адами құндылығын берік сақтап, тура жолдан таймай күн кешудің өзі тәрбие деген қасиетті сөзге сайып келеді.

Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі.

«Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері кете туар» деген халқымызда дана сөз бар. Ал дұрыс тәрбие алған бала қоғамға пайдасын тигізетін азамат болып өседі.

Халықтың ізгі дәстүрі біздің асыл мұрамыз. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасына ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, нұр үстіне нұр болмақ.

Қазақстан Респбликасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша Өкілі

Абдолов Аманкелді Аманиязұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT