Абзал амалдар жалғаса береді

(0 Votes)

«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен француз жазушысы Дени Дидро.

18-ші наурыз елімізде биыл игі істер күні ретінде аталып өтілмек. Жалпы игілікті іс ұғымы тәлімі мен тәрбиесі мол ұлтымыз үшін бейтаныс ұғым емес.

Халқымыз қашан да жүк астына жұмыла кетіп, бір-біріне деген қолғабысын игі істердің қатарына жатқызған.

Бұл ретте ауызбіршілігінен айнымаған аудан тұрғындарының абзал амалдарына тоқталмай кету ағаттық болар. Әріге бармай-ақ күні кешегі ақпандағы ақтүтекте жерлестеріміз әкімшілік тарапымен санаспай-ақ, қар аршу жұмыстарына білек сыбана кірісіп, көпшілікті бір сүйсінтіп тастап еді. Кешегі әлемді әбігерге салған  дүрбелең тұсында да тұрғындарымыз "тамшыдан теңіз құрағандай" бірлесе қаражат жинап, керекті дәрі-дәрмекпен, жасанды тыныс алу аппараттарымен қамтамасыз ете білді. 

Ал, доссорлықтардың өз ауылдастарына баспана тарту еткенін қалайша игі істердің қатарына қоспайсыз. Мүмкіндегі шектеулі балғындарымызға  қайырымдылық мақсатында өткізіліп жатқан түрлі аяқ доп додаларының есебінен жаңыласыз.

"Волонтер" жылында еріктілердің есепсіз жасаған жақсылықтарын бір мақалаға сиғыза алмаспыз. Қазіргі таңда ауданда 7 волонтерлық ұйым тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Олардың қатарында «Ерекше жігіттер», «Доссор voluntarius», «Иман жастары», «Асар», «Үміт Арт», «Мақат қайырымдылық қоры» және «Білім беру жастары» бар.

Еріктілердің еңбектері де елеусіз қалмады.  Дүниежүзін әбігерге салған короновирус пандемиясына қарсы күрес мақсатымен жүзеге асырылған "Біз біргеміз!" жалпыұлттық акциясы аясында "Nur Otan" партиясымен бірге қолдау көрсетуге атсалысқан волонтерлеріміз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Елбасының АЛҒЫСЫмен марапатталды.«Жомарт жүрек» сыйлығы өткізіліп, "Ерең еріктілік" номинациясы бойынша "Иман жастары" еріктілер тобының жетекшісі «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша Мақат қайырымдылық қорының жетекшісі марапатталды.Сонымен қатар, ел Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша «Халық алғысы» мерекелік медалімен Теңдібай Ануар Жеңісұлы марапатталды.

Қысқасы, ұлттық болмысымызға тән ұғымды дәл осы күні тағы бір жаңғыртып жіберсек, артық болмас.                                                                                     

А.Cадықов

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521