25 мың атыраулық баспаналы болады дегенде қуанып қалдым

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен келелелі кеңесте көптеген мәселелер қаралып, мемлекет басшымыз алдағы жоспарларымен бөлісті.

Бұл ретте біз де көтерілген  әр мәселеге көз жүгіртіп, шешімін табатынына қуанып отырмыз. Мәселен,  3,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, соның нәтижесінде 25 мың атыраулық отбасы баспаналы болады екен. Мұнайлы мекен баспана мәселесімен бас ауыртуы тиісті емес қой. Берілген тапсырмалар дер кезінде орындалып, жоспар уақытында жүзеге асса, бұл жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайларға да оң ықпалын тигізері анық. Бала санының көбеюіне бір кедергі осы баспана мәселесі екені жасырын емес. Енді бұл кедергілер де жойылып, жақсылыққа жақсылық жалғаса берсін дегім келеді.

Күлпаш АЛИШЕВА,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT