Жаңа кодекстен күтеріміз мол

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде  өткізген кеңесінде өте орынды мәселелер қозғады.

Әсіресе қоршаған ортаның қазіргі жағдайы ерекше көңіл аударуды қажет ететін дүние.  Азаматтардың өмір сүру сапасы мен оның денсаулығы экологиялық ахуалға тікелей байланысты екені белгілі. Ал, бұл ретте Атырау облысы мақтанарлық жағдайда емес. Президентіміз :"Біз озық халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа Экологиялық кодекс қабылдадық. Экологиялық тиімділікті арттыратын бағдарламаларды қолға алған кәсіпорындар қалдық шығарғаны үшін төленетін ақыдан босатылады. Бұл саладағы қолжетімді технологияның ең таңдаулысы мұнай-газ кәсіпорындарына енгізілуі керек. Үкімет өңірдегі қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, бұл мәселені мұқият бақылауға алсын, – деді. Алдағы уақытта ірі өндіріс көздері бұған ерекше көңіл бөліп, жаңаша қарқынмен жұмыс жасайды деп ойлаймын.

Мереке БАСАНОВ,

аудандық мәслихат депутаты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT