Қасым-Жомарт Кемелұлы өңіріміздегі өзекті мәселе мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына нақты тоқталып өтіп: «Үкімет өңір әкімдігімен бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларын уақтылы жүзеге асыруды бақылауға алуға тиіс. Болашақта кеңею жобасын уақтылы аяқтау маңызды.
Сондай-ақ, Қашаған кен орнын толық игеру керек. Сол арқылы бір жылда өндірілетін мұнай көлемін 15 миллион тоннаға арттыруға болады. Нәтижесінде, жұмыс орындары ашылып, отандық қызмет көрсету компаниялары мен шағын және орта бизнес өкілдері үшін мол мүмкіндіктер туады», – дегені көңіл көншітеді.
Аймағымыз қойнауындағы қара алтын мен қазба байлықтың қызығын көре түсіп, құр донор боп жүре бермейтін кез жетті деп ойлаймын.
Қ.ИСМАҒҰЛОВ,
аудандық мәслихат хатшысы