Құжатсыз жүргендерді анықтайтын акция өтуде

(0 Votes)

Полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтарының құжаттарын ресімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін, мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында акция өткізуде, деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Осыған орай, еліміздің аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ, 1974 жылғы ескі үлгідегі КСРО төлқұжатын уақтылы алмастырмаған азаматтар құқықтық мәртебесін анықтау үшін тұрғылықты мекен-жайда орналасқан аумақтық Көші-қон бөліністеріне бару қажет.

24 қыркүйекте басталған акция барысында полиция қызметкерлері Атырау облысы бойынша жеке басын куәләндыратын құжаттарынсыз жүрген 11 және Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ тұлға ретінде 10 адамды анықтады.

Акция жалғасуда.

Сурет: ашық дереккөз

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT