192 жүргізушінің 14 млн теңге айыппұлын төлемегені анықталды

(0 Votes)

Атырауда полицейлер "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 192 жүргізушінің 14 млн теңге айыппұлын төлемегенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Басты мақсат – жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілерді анықтау. Патрульдік полиция қызметкерлерімен тек бір тәулік ішінде айыппұлын төлеген 8 жүргізуші анықталып, көліктері арнайы тұраққа койылды. Мәселен, С.Датов көшесінде  ресейлік нөмірі бар «Audi a6» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көлік иесінің 500 040 теңгені құраған айыппұлын төлемегені анықталып, автокөлік айып тұрағына жеткізілді. Іс-шара кезінде 192 көлік иесінің 14 млн теңге  көлеміндегі айыппұлды төлемегені анықталып, автокөліктері айып тұрағына қойылды", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айыппұл төлемейтін жүргізушілердің дені өзге елден көлік алып келгендер. Солардың қатарында Ресейде тіркелген көліктерді әкелген 135 жүргізуші бар. Сондай-ақ, Армения Республикасының көлігімен жүргендер 18 жүргізуші де айыппұлын әлі төлемеген.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT