Осыдан бірер апта бұрын аудандық «Үміт-АРТ» волонтер тобы мың айдан да қайырлы саналатын Рамазан айында «441» қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын.
Акция аясында еріктілер тұрғындарды 441 теңге аудару арқылы төрт көпбалалы отбасыға және төрт жалғызбасты ата-әжелерді бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырды.
Аудан тұрғындары еріктілердің бастамасына қолдау танытып, бір кісідей жұмыла білді. Жұма күні жиналған ақшаға еріктілер Мақат кентіндегі 8 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себетін таратты. Одан әрі игі істі эстафета турасында «Асар» волонтер тобына жолдады. Сондай-ақ, еріктілер күн ұзағы ас пен судан тиылған тұрғындарға ауызашарға 0,5 мөлшердегі 35 бөтелке судың қасына құрма-жидектер қосып үлестірді. Жастардың бұл жанаршылығына жұртшылық ризашылығын білдірді.
өз тілшіміз