Кітапқұмарлар ортасы қалыптасып келеді

(1 Vote)

Буккроссинг (ағылшын тілінде "кітаптың айналыста жүруі") – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі.

Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды − “буккроссерлер” деп атайды.

«Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.

Өткен аптада Мақат аудандық Жастар ресурстық орталығында «Jas Otan» Жастар қанатының жанынан құрылған «Jas Qalam» ұйымының ұйымдастыруымен ауданымызда алғаш рет буккросинг акциясы өтті. Шараға қатысушылар негізінен оқушылар болды. Олардың әрқайсысы бір кітаптан оқып келіп неге ол кітапты таңдағандарын және ол кітаптан не түйгендерін айтты. Кештің арнайы қонағы болып Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс студенті Жадыра Есімова шақырылды. Аталған оқу орнындағы «Jas Qalam» үйірмесінің белді мүшесі саналатын Жадыра өз шығармашылығындағы өлеңдерін жиналған жұртқа оқып берді.

«Оқушылар буккросинг дегеннің не екендігін білді. Барлығы да бүгінгі кеш ұнағандығын айтып жатыр. Болашақта поэтикалық дуэль өткізу жоспарда бар», - дейді «Jas Qalam» ұйымының төрайымы Ақжұлдыз Оразова.

А.Есжан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521