Еріктілердің ісі - ерлік

(1 Vote)

Биылғы жылды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  еріктілер жылы деп мәлімдеген болатын.

Осыған орай, Президент ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан еріктілердің  «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосты. Қоғамдағы игі істердің бастамашысы, жақсылықтың жаршысы болып жүрген сан-саланың тізгінін ұстаған 700-ге жуық волонтер Елордамыз Нұр-Сұлтанда бас қосты. Ашылу салтанатында Президентіміз Қ.К.Тоқаев волонтерліктің ұғымына кең көлемде тоқталып, волонтер болудың кез келген адамның қолынан келетін игі іс екенін атап айтты. 

almagul-2

Бұл ауқымды шараға аудан атынан Жастар ресурстық орталығының маманы А.Есенаманова және «Асар» волонтерлық ұйымның жетекшісі Аружан Камзина қатысып, ерекше әсерде болып қайтты. "Аудандық жастар ресурстық орталығының ұсынуымен біздер де кеңсенің ашылу салтанатына қатысып қайттық. Әсем қаладағы әдемі кездесудің әсерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Президентіміз биыл маңызды бастамалардың бастау алғанын айтып, волонтерлікті кеңінен насихаттауды тапсырды. Әр аймақтан келген волонтерлармен танысып, олардың өзіндік жұмыстарын көріп, іс-тәжірибе алмастық. Осы ауқымды шарадан көрген, білгенімізді аудан жастарымен бөлісетін боламыз",- белсенді қыздар.

Ауданда қазіргі таңда 4 волонтерлық ұйым жұмыс жасауда. Олардың әрқайсысының міндеттері әртүрлі болғанымен, басты мақсаттары өз еріктерімен қоғамға жақсылық жасау. Ауданда «Ерекше жігіттер», «Доссор voluntarius», мешіт жанынан ашылған «Иман жастары» және жақында ғана құрылған «Асар» волонтерлық топтары жұмыс атқаруда. Олардың тобында 20 адамнан жоғары мүшелері құрылып, қарқынды жұмыстар атқаруда.

Биылғы жылы Жастар ресурстық орталығының жоспарына сәйкес еріктілердің қатысуымен «Баспанаға бір қадам» жобасы, тегін ағылшын, қолөнер, компьютерлік, домбыра, гитара курстарын өткізу жоспарлануда.

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

А.ТАУМҰРЫНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521