«Доссор» құрамасы КТА фабрикасында

(0 Votes)

Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық КТА ойынының жаңа маусымына жерлестеріміз «Мақат-Доссор» құрама командасы қатысқан болатын. Шараны жоба жетекшісі, елімізге белгілі әзіл әлемінің саңлағы Тұрсынбек Қабатов жүргізді.

«Festival -2020» аталған ойынға еліміздің түкпір-түкпірінен 130 команда қатысты. Жоғарғы лигаға сахнаға әбден төселген 18 команда өтті. 

Жерлестеріміз өңіріміздің бұрынғы және бүгінгі бейнесін, қоғамдағы орын алған оқиғаларды әзілдеріне арқау етіп, көрермен көзайымына айналды. Нәтижесінде жүзден жүйрік атанып «КТА фабрикасына» жолдама алды. Енді сәуір айында өтетін 1/8 ойынында 30 командамен әзіл десе ішкен асын жерге қоятын «Мақат-Доссор» құрамасы өнер көрсететін болады. Жалпы «Мақат-Доссор» құрама командасы сапында алты ойыншы бар. Оразбек Исмагулов команда капитаны болса, Адина Талғатқызы, Самғат Набишев, Артур Есенгелдиев, Аманат Базарғалиев, Батырбек Асылбекұлы белсенді ойыншылар және Әсел Аққоразова команда жетекшісі.

tursynbek

Елорда төріне барып өнер көрсетуге себепкер болған демеушілерге, аудан әкімінің орынбасары Оксана Жаңбырбайқызына, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Шайзадақызына,  Х.Санбаев атындағы орта мектебінің директоры Нүрия Меңдалиеваға, жеке кәсіпкер Генадий Бимановқа, Арыстан Ишанғалиевқа, Мағзом Мақсотұлына Тұрсынбек Қабатов өз алғыс хатын жолдады.

Өз кезегінде әзілкештер де өздеріне қолдау танытып, мүмкіндік жасаған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Алмабек Абдоловқа, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжіне, «Казахтелеком» АҚ аудандық филиалына ризашылықтарын жеткізді. Өнерпаздардың ойынын алдағы жексенбі күндері «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан көретін боламыз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT