Зейнеткерлер де өз таңдауын жасады

(0 Votes)

№208 сайлау учаскесі №2 бастауыш мектебінде орналасқан. Мұнда 1142 тұрғын дауыс береді деп бекітілген.

Референдум комиссиясының төрағасы Айнұр Жаңбырбайқызы: “Таңғы сағат 7-де Мемлекеттік Әнұранымыз шыршалған соң, біз өз жұмысымызды бастадық. Тұрғындарымыздың көңіл-күйі де, келу қарқындары да жақсы. Сағат 9:00-ге дейін шамамен 200-ге жуық тұрғын өз дауыстарын беріп үлгерді”- дейді.

Дауыс берушілердің арасында зейнеткерлер де ертемен келіп, белсенділік танытты.

“Еліміздің ертеңі үшін әрбір қазақстандық өз дауысын беруі керек. Бұл референдум жаңа өзгерістерге алып келеді деген ойдамыз”,- дейді зейнеткер Рахым Мұханбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT