№207 референдум учаскесінде ертемен келгендер қарасы өте көп. Тұрғындар саяси науқанда белсенділік танытуда. Аталған учаскеде 2 сағат ішінде өз таңдауын жасаған 60 адам тіркелген.
Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, белсенділік танытып жатқан аудан тұрғындарының ішінде жастар да бар.
Жастар Ресурстық Орталығының басшысы Есімхан Табылдыұлы Конституциялық реформаға байланысты өтіп жатқан саяси науқанда өз таңдауын жасады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Міне, сол күн де жетті. Ата Заңдарымызға өзгерістер енгелі жатыр. Бұл ел экономикасының дамып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін саяси шешім болмақ. Жастар үшін де бұл өте маңызды қадамдар",-дейді Есімхан Табылдыұлы.
Айта кетейік, Х.Санбаев орта мектебінде орналасқан №207 референдум учаскесінде 710 тұрғын дауыс береді деп күтілуде.