Тубдиспансер емделушілері де науқаннан тыс қалмады

(0 Votes)

Доссор кентіндегі А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде орналасқан №211 рефрендум учаскесінде 1206 дауыс беруші тіркелген. Осы уақытқа дейінгі дерек бойынша 900-ден астам тұрғын өз таңдауларын жасап үлгерген.

Мұнда жылжымалы жәшіктер 1 мүмкіндігі шектеулі және 2 қарт адамдардың үйіне жеткізіліп, олардың бұл науқаннан қалыс қалмауына жағдай жасалды.

Сондай-ақ, Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы Доссор кентіндегі өкпе терпия бөлімшесіндегі 11 емделушіге де көшпелі жәшіктер апарылды.

Комсомол, Қошқар, Алтыкөл кен орнындағы вахталық ауысыммен жұмыс жасайтын 70-ке жуық тұрғындарда қалыс қалмады.

Референдум учаскесіне ең алғашқы болып келген Бисенғали Қарылданов, ең қарт сайлаушы Рысты Төлегенова және ең жас сайлаушы Гүлназ Мусинаға естелік сыйлықтар табыс етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT