Сағат тілі 19:50-ді соққанда №208 референдум учаскесінде ең соңғы болып 19 жасар Нариман Мұратұлы дауыс берді.
“Еліміз үшін атаулы күнде менде өз дауысымды бердім. Себебі, референдум - мемлекетіміз де алғаш рет халықтың дауыс беруі арқылы өтілуде. Бұл мүмкіндікті менде назардан тыс қалдырмадым. Себебі, елдегі саяси науқан - болашақ үшін нақты қадам болмақ. Сондай-ақ, референдум - қоғамға жаңаша өзгеріс әкелетіні сөзсіз”,- дейді ол.
Еске сала кетейік, № 208 сайлау учаскесінде 1142 тұрғын дауыс беруші болып бекітілген болса, оның 80% -дан астамы дауыс беріп үлгерген.
Ә.ҚАСЫМ