Тоқаевқа 6 млн-нан астам адам дауыс берді-ОСК

(0 Votes)

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингінде айтылды,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау науқанының аяқталғанын айтып, мәліметтермен бөлісті.

Сайлауға қатысушылардың саны Қазақстан бойынша барлығы 11 млн 953 мың 465 адамды құрады. Оның 8 млн 346 мың адамы дауыс беруге арналған бюллетеньдерін алды. Дауыс беру күні 641 халықаралық ұйымдардың байқаушылары,15 мың саяси партия байқаушылары бақылауды жүзеге асырды. Сайлау учаскелеріне 1225 БАҚ өкілдері қатысып, 106 аккредиттелген шетелдік журналистер сайлау барысын жариялап отырды,-деді ол.

Сайлау бюллетендерінде 6 кандидаттың аты-жөні және барлығына қарсымын деген жолдардың болғанын мәлімдеп, алдын-ала нәтижемен бөлісті.

Қарақат  Әбденге -206 мың 206 адам немесе 2,6%,
Нұрлан Әуесбаевқа-  176 мың 116 адам немесе 2,22%,
Жигули Дайрабаевқа -271 мың 641 адам немесе 3,42%,
Мейрам Қажыкенге - 200 мың 907 адам немесе 2,53%,
Қасым-Жомарт Тоқаевқа- 6 млн 456 мың 392 адам 81,31%,
Салтанат Тұрсынбековаға-168 мың 731 адам немесе 2,12%
Барлығына қарсымын жауабына- 460 484 мың адам немесе 5,8%-ы дауыс берген,-деді ол.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес 2 күн ішінде хаттамалардың түпнұсқалығын жеткізуі керек деді ол.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521